«Жасөспірім.Заң.Қауіпсіздік» акциясы өткізілуде

11-15 ақпан аралығында облыс көлемінде мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тарта отырып, «Жасөспірім – Заң - Қауіпсіздік» атты акциясы өткізілуде.
Акцияның мақсаты – кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар профилактикасы, сондай-ақ олардың құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады.
Іс-шараға жергілікті әкімдіктер, прокуратура, білім беру, денсаулық сақтау,  «Нұр Отан»  партиясы «Жас Отан» жастар қанатының филиалы, ішкі саясат, жастар ресурстық орталығы және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысуда.
Сонымен қатар, аталған акция аясында ІІО-ры мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерімен  бірлесіп қолайсыз отбасында тәрбиеленіп жатқан балалардың тұрмыс жағдайлары, ішкі істер органдарына  есепке алынған кәмелетке толмағандар мен жалға алынған пәтерлерде тұратын колледж студенттерінің тұрғын үй  жағдайлары тексеріледі.
Балаларға жол және өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтау, кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстылықтың алдын алу мақсатында  түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.
   
 Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 ақпан 2019 г. 257 0