Өнертабыс патентін алу талаптары талқыланды

Қызылорда қаласындағы «Болашақ» университетінде «Өнертабыс бойынша Қазақстан Республикасының патентін алудың талаптары» тақырыбында семинар өтті.

Патент авторлық өнертабыс, пайдалы модельдің немесе басқа да ғылыми жетістіктерді куәландыруды көздейтін ерекше қорғаудағы құжат болып табылады. Осы уақытқа дейін «Болашақ» университеті түрлі өзекті мәселелер бойынша оқыту семинарларын өткізген болатын (Конкурстық құжаттарды әзірлеу кезеңдері түсіндірілді: https://syrboyi.kz/zedelnews/19955-konkursty-zhattardy-zrleu-kezeder-tsndrld.html). Бұл шара осы жұмыстардың жалғасы болып табылады.
Семинарда берілген тақырып бойынша барлық мәселелер қарастырылды. Қазақстанда патент алуға ұсыну және оны алудың техникалық тұстары көрсетілді. Семинар барысында патент алу процестерінің барлық кезеңдері анықталды. Сонымен қатар, семинарда университет ғалымдарына тәжірибелік ұсыныстар берілді.    
Семинарға «Болашақ» универитетінің профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар берілді. Семинарды «Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертхана жетекшісі, химия ғылымдарының кандидаты, профессор Н.Аппазов жүргізді. Университет профессоры, саяси ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор М.Насимов берілген шараның бастамашысы саналады.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 ақпан 2019 г. 285 0