Қызылордада «Бастауға» құжат қабылдау басталды

Қызылорда облысының кәсіпкерлер Палатасы келесіні хабарлайды: 2019 жылдың 11 наурызынан бастап Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі және Жаңақорған аудандарында «Бастау» бағдарламасы бойынша ақысыз курстарына таңдау басталатынын хабарлайды. Курс кәсіпкерлікті жүргізу негіздеріне арналған.


Өз кәсібін ашқысы келетін жұмыссыздарды (жұмыспен қамту орталықтарында тіркеуден өту талап етілмейді) және өзін өзі жұмыспен қамтып отырғандарды, сонымен қатар бизнесін кеңейтуге мүдделі кәсіпкерлерді оқуға шықырамыз.

Кәсіпкерлік негіздеріне оқытудың қатысушылары ретінде халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуі немесе тіркелмеуіне қарамастан барлық жұмыссыздар және кәсіпкерлік әлеуеті бар және жоғарыда аталған ауылдық елді мекендерде және аудан орталықтарында тұратын өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жеке тұлғалар - әрекет етуші және бастауыш кәсіпкерлер (тіркелу уақытынан үш жыл мерзім ішінде) қатыса алады.

Бағдарламаға қатысу үшін тестілеуден өту қажет және оның нәтижелері бойынша оқу топтарына іріктеу жүргізіледі. Ниет білдірушілерді Өңірлік кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалдарына/ халықты жұмыспен қамту орталықтарына/ ауылдық округ немесе елді мекен әкіміне барып өтінім мен сауалнаманы толтыруларыңызды сұраймыз.

Өзімен бірге келесі құжаттары болуы тиіс: жеке бас куәлігінің көшірмесі, мекен-жай анықтамасы, жеке несие есебі.

Оқыту мерзімі 1 ай. Бағдарлама қатысушыларына шәкіртақы төленетін болады және оқыту қорытындылары бойынша сертификат табысталады.

Толық ақпарат алу үшін келесі мекен-жайларға хабарласуға болады:

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы: Қызылорда қ., Желтоқсан көшесі, 42, телефон: 8/7242/400981 сайт: www.atameken.kz.

Кәсіпкерлерді қолдау орталықтарының мекен–жайлары:

Арал ауданы – Арал қ., Бактыбай батыр к-сі, 46 үй, тел.:8/72433/79199

Қазалы ауданы – Әйтеке би кенті – Әйтеке би к-сі, 9 «а» үй, тел.:8/72438/79243

Қармақшы ауданы – Жосалы кенті, Көшербаев к-сі, 36 үй, тел.:8/72437/79120

Жалағаш ауданы – Жалағаш кенті, Қазыбек би к-сі, 47 «а» үй, тел.:8/72431/79199

Сырдария ауданы – Тереңөзек кенті, Қонаев к-сі, 12 «а» үй, тел.:8/72436/79179

Шиелі ауданы – Шиелі кенті, Рысқұлов к-сі, 5 үй, тел.:8/72432/79255

Жаңақорған ауданы – Жаңақорған кенті, Иманова А. к-сі, 134 «а» үй, тел.:8/72435/79120

Анықтама телефондары: 40-02-02, 40-09-81


Қызылорда облысы 

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 ақпан 2019 г. 85 0