Облыстағы ең төменгі күнкөріс деңгейі – 24769 теңге

  Облыстық статистика комитиетінің мәліметінше 2019 жылғы қаңтарда күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 24769 теңгені құрады.

  Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2019 жылғы қаңтарды өткен аймен салыстырғанда 1,8%-ға  жоғарылады. Оның құрылымында ет және ет өнімдерін сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 18,6%, сүт өнімдері мен жұмыртқаға – 11,8%, жемістер мен көкөністерге – 8,5%, нан және жарма өнімдеріне – 7,4%, май және тоң май өнімдеріне – 4,2%, қант, шай және дәмдеуіштерге – 2,5%, балыққа – 2%-ды құрады.
    Ең төменгі күнкөріс деңгейі – мөлшері бойынша ең төменгі тұтыну қоржынының құнына тең, бір адамға қажетті ең төменгі ақшалай табыс. Ең төменгі тұтыну қоржыны адам тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті тамақ өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің заттай және құндық көріністегі ең төменгі жиынтығы болып табылады. Ол азық-түлік қоржынынан және азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтерге жұмсалатын шығыстардың бекітілген үлесінен тұрады. Күнкөрістің ең төменгі деңгейін есептеуге арналған аз тұтынылатын азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың үлесі ең төменгі тұтыну қоржыны құнының 45 пайыздық мөлшерінде белгіленген.

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 ақпан 2019 г. 91 0