Сырдарияда су деңгейі көтерілуі мүмкін

Синоптиктер Алматы, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарында ауа райы жылына түсетінін хабарлауда деп жазады "Қазгидрометке" сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ертеңнен бастап аптаның соңына дейін Жамбыл мен Алматы облыстарында қар еріп, нәтижесінде өзендегі су деңгейінің көтерілмек.

Су деңгейінің көтерілуі Қызылорда облысындағы Сырдария өзенінің аумағында да күтілуде. 14-16 ақпан аралығында мұз қалыңдығы анағұрлым азаймақ.

Түркістан облысында ертен дабылды алдын ала ескерту жарияланды. Синоптиктер бұл аумақта тұман мен көктайғақ болатынын мәлімдеді. Желдің күші бұл аумақта секундына 15-20 метрді құрамақ.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 ақпан 2019 г. 129 0