Отбасы – өмір айнасы

«Отан отбасынан бас­талады» деген қанатты сөз өзінің өміршеңдігін қашанда дәлелдеп келеді. Отбасы құндылығы – бүгінгі күннің басты тақырыбы.

Жанқожа батыр ауыл­дық мә­де­ниет үйінде ұйым­дастырылған «Ана – өмірдің шуағы» атты шара өзінің тар­тымдылығымен ерек­ше­ленді. Ме­рекелік кеште Арықбалық ауыл­дық ок­ругінің әкімі Сапарбек Қуатов қо­ғамдағы аналар ор­нының маңыз­дылығына тоқталды.

Мұнан соң «Жастар жылы» аясында ауылдағы жас отбасылар арасында сайыс басталды. Сайысқа қаты­сушылар «Тегін білу – тектілік», «Отбасындағы бір күнім» атты бөлім бойынша шеберліктерін сынады.

Қазылар алқасының ше­шімімен мәдениет үйі­нің қызметкері Қаршыға Қа­лымбет пен Әзиза топ жарды. Ал ІІ-ІІІ орынды Асхат-Сымбат (№94 мектеп қызметкері), Медет-Алтынай (спорт ке­шені қызметкері) жұптары жеңіп алды.


Жұмабек ТАБЫНБАЕВ.

Қазалы ауданы.             

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 наурыз 2019 г. 275 0