Есірткі сақтаған қызылордалық құрықталды

Қызылордада жергілікті полиция қызметкерлері аса ірі мөлшерде есірткі затын сақтаған азамат ұсталды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Облыстық полиция департаменті есірткі кылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру барысында есірткі затын аса ірі мөлшерде сақтағаны үшін Қызылорда қаласының 49 жастағы тұрғынын ұстады. 

Жедел іс-шаралар барысында ұсталған азаматтан 1 скотчпен және 2 газет қиындысына оралған жалпы салмағы 1 келіден аса «гашиш» есірткі заты тәркіленді.

Аталған дерек  бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Ұсталған өзінің кінәсін толығымен мойындады және Қызылорда ҚПБ-ның УҰА-на қамаққа алынды.


Шынар БЕКБАН,
"Сыр бойы".
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 наурыз 2019 г. 238 0