Көкпар, жамбы ату, аударыспақ, теңге ілуден Қазақстан чемпионаты өтеді

Жастар жылына орай 14 - 22 наурыз аралығында Жаңақорған ауданында көкпар, аударыспақ, теңге ілуден XIII, жамбы атудан V Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді. Жастар арасында ұйымдастырылатын жарысқа барлық облыс орталықтарымен қатар Алматы қаласынан шабандоздар қатысады.

Бұл дүбірлі дода сəуір айында Алматы қаласында жастар арасында өтетін I Азия чемпионатына іріктеу жарысы болып табылады.
Ал чемпионатта Қызылорда облысының намысын 21 спортшы қорғайды.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 наурыз 2019 г. 473 0