Шығармашылық байқаудан жүлделі оралды

Жыл басында «Нұр Отан» партиясы алғаш рет «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауын өткізген еді. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы «Рухани жаңғыру» бағдарламасына тың серпін беріп, нақты жобалар жүзеге асырыла бастаған тұста бұл  шығармашылық байқаудың орны ерекше. Бағдарламалық мақалалар еліміздің идеология саласындағы жаңа кезеңді бас­тап берді. Өйткені онда ұлттық кодты сақтап, тарихи сананы қалыптастыруға, санамызды жаңғыртуға бағытталған нақты мәселелер көтерілген. 

Жаһандану зама­нын­да ұлт болып сақ­талып, тәуелсіздікті мәң­­гілік етудің маңызы зор. Сол жолда осы мақа­лаларда айтылған басым­дықтардың бе­­рері мол. Сондықтан «Нұр Отан» партия­сы Елбасы кө­тер­ген құндылықтар мен идея­ларды дәріп­теу­ге, еліміздің рухани жаңғыруына үлес қосуға тың серпін берді.

Рухани жаңғыру бағ­­дар­ламасы аясында, әсіресе, жас­тармен жү­йелі жұмыс жүргізіп, оларға құндылықтарды дәріп­тейтін шы­ғар­ма­лар қажет. Бай­қау жа­рия­лаудағы мақсат та осы еді. Жеңімпаздарды марапаттау рәсі­мінде партия Төрағасының бірінші орын­басары Мәулен Әшімбаев жас қаламгерлердің бай­қа­уына 400-ден астам ең­бек келіп түскенін айтты. Нә­тижесінде «Пуб­лицис­тика» аталымы бойынша 3-орын Қы­зылорда қала­сын­дағы «Мұрагер»  мек­те­бінің ұстазы Гүл­бану Тебе­геноваға берілді. Автордың «Рухани жаң­ғыру – тіл мә­се­ле­­сі» атты мақа­ла­сында ел өміріндегі өзекті мәселелер мен тіл сая­саты туралы ке­­ңі­нен баян­далады.

«Нұр Отан» партия­сы жариялаған әдеби бай­қауға белгілі қа­лам­герлермен қатар, қа­ра­пайым ұстаз ретінде қа­тысып, уақыт талабына сай келетін мақала ұсынған. Айта кетейік, байқаудың қазылар ал­қа­сының құрамында Төлен Әбдік, Алдан Сма­йыл, Несіпбек Айт­­ұлы, Ұлықбек Ес­дәу­лет, Нұртөре Жүсіп, Жү­сіп­бек Қор­ғасбек, Көпен Әмірбек және Әлия Бө­пежанова сияқты бел­­гілі қаламгерлер бол­ды.

 

«СБ» ақпарат.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 наурыз 2019 г. 345 0

Едел-Жедел

Күнтізбе

«    Желтоксан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031