Димаш Тhe World's Best байқауынан кетті (видео)

Әнші Димаш Құдайберген Америкадағы «The World's Best» байқауынан кетіп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Бұл туралы әлеуметтік желіде жарияланған видеодан белгілі болды. Онда Димаш балалармен бірге сынға түскісі келмейтіндігін айтқан және қазылар алқасынан өзін түсінуді өтінген. «Сіздердің алдарыңызда өнер көрсету мен үшін үлкен бақыт екенін айта келіп, бүгін екі балапанмен бірге сайысудан бас тарту керекпін (...) Сол себептен сіздердің рұқсаттарыңызбен бұл сайыстың тізгінін кішкентай бүлдіршіндерімізге қалдырғым келіп отыр», - деді Димаш.
Еске сала кетейік, Димаш Құдайберген Америкадағы «The World's Best» байқауының финал алдындағы шоуында бірінші болып келе жатқан еді. Қазақстандық әнші «The World's Best» байқауының алғашқы турларында әнсүйер қауымның құлағының құрышын қандырған композициялар орындап, көпшіліктің көңілінен шықты.






ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 наурыз 2019 г. 103 0