Жаңа Зеландиядағы оқиға: Көз жұмғандардың саны 50-ге жетті

Жаңа Зеландиядағы теракттан көз жұмғандардың саны 50-ге жетті. Дәрігерлер жарақат алған азаматтардың біреуін құтқара алмады деп хабарлайды Вести.ru сайтына сілтеме жасағанKAZ.NUR.KZ.

Қазіргі уақытта 11 адам ауруханада жатыр. Олардың жағдайы ауыр.

Бүгінде күдікті деп ұсталған төрт адам бостандыққа жіберілді. Себебі, олардың болған оқиғаға қатысы жоқ екені анықталды.

Істе басты күдікті 28 жастағы австралиялық Брентон Террант болып отыр. Ол айыптауға қатысты сәуір айына дейін қамалды.

Алдын ала болжам бойынша, лаңкес әлем саяхатын жасау үшін келген.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 наурыз 2019 г. 146 0