Бейбітшілікті ту еткен Тұңғыш Президент

 Қазіргі таңда тәуелсіз Қазақстан әлем мойындаған мемлекеттердің қатарында. Осындай мамыражай, «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» кезеңде өмір сүруіміз еліміздің тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасы десек қателеспейміз. Дана халқымыздың «Бақ берерде елге ырыс қонады, ұстанған жолы дұрыс болады» деген сөзі бар. Міне, біздің елімізге де ырыс дарып, халқымыз дұрыс бағыт алып, түрлі белестерді бағындырып келеміз. Елдің тілегі бейбітшілікті сақтау, соғысты болдырмау, адамзаттың құндылығын сақтау екенін бүкіл әлем мойындады. Бұған келісім мен ынтымақтың нәтижесінде жеттік. Сондықтан әлемдік өркениет көшіне енген тәуелсіз еліміздің этносаралық келісімінің беріктігі ұрпақтан ұрпаққа жалғасуы тиіс. Қазір біз осы елдің бақытты азаматтарымыз деп қай жерде де мақтанышпен айта аламыз. Өйткені біз түрлі ұлт өкілдері бас қосып, бір мақсат, бір тағдыр жолында болашағы біртұтас елді құруда бірге келе жатырмыз. Бұл тұста өз көрегендігімен Елбасы келешектің кемелдігі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясын құрудағы идеясының маңызы зор болғандығы ақиқат.

Бүгінде Қазақстан – достықтың киелі шаңырағына айналды. Осы тұрғыдан алғанда дана халқымыз: «Көптің қолы біріксе, көкке жетеді» деп тегін айтпаса керек.

Еліміздің тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ірі саяси қайраткер, тарих таңдаған ұлы тұлға екендігін тек біз емес, бүкіл әлем мойындап отырған ақиқат. Сондықтан да ол кісіге “Халық қаһарманы” атағын беру әбден дұрыс, әрі лайықты деп білемін.

Қахар ДАДАШОВ,

өзбек этно-мәдени бірлестігінің

жетекшісі.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 наурыз 2019 г. 288 0