ЕЛБАСЫ МЕН ЕЛОРДА ЕГІЗ ҰҒЫМ

Тәуелсіздіктің ең ауыр кезеңдерін еңсеріп, Ұлт көшбасшысына айналған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекет тарихына қосқан үлесі өлшеусіз. Оны қазақстандықтар да, алыс-жақындағы шетел халықтары да түгел мойындайды. Ол экономикалық және әлеуметтік саясатты жүзеге асыруда табандылық танытты. Тəуелсіз Қазақстанның əрбір жеткен жетістігінде, бағындырған белесінде оның қолтаңбасы жатыр. Елбасының қажырлы еңбегінің арқасында халқымыз төл тарихында тұңғыш рет өзін туған жердің заңды иесі сезінді, баршамыздың жүрегімізді Отан үшін мақтаныш сезімі кернеді.
Елбасының бастамасымен ел ордасы Астана нағыз жасампаз қалаға айналды. Бүгін ғана Қазақстан халқына ант беріп, президент қызметіне кіріскен Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет астанасына елдің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беруді ұсынды. Ұсыныс парламентте бірауыздан мақұлданды. Меніңше, бұл тарихи күндегі маңызды шешім десек қателеспейміз. Себебі, Астана дегенде Елбасы көз алдымызға келеді. Екеуі егіз ұғым іспеттес.

Сайлаубай ӘБІШОВ,
Қызылорда қалалық
ардагерлер кеңесінің төрағасы.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 наурыз 2019 г. 326 0