Наурыз ертегісі

Бүгін облыстық филармонияда «Әдемі» балалар музыкалық театр-студиясының қатысуымен «Наурыз ертегісі» атты ертеңгілік өтті. Бес мың жылдық тарихы бар Наурыз мерекесінде ұлтымыздың қайталанбас мәдениеті мен дәстүрі бар.

Ұлыстың ұлы күні және «Рухани жаңғыру» бағдарламасына орай өткізілген шарада балаларға қазақ халқының жаңа жылды қалай қарсы алатыны туралы айтылды. Арқан тарту, қыз қуу сынды ұлттық ойындар, баба дәстүрі көрініс тапты. Сондай-ақ, ертегі кейіпкерлері Қыдыр ата, Асыл әже, Наурыз аруы, бай баласы, жыл иесі доңыз, Алдар көсенің жағымды бейнесі кішкентай көрермендерді баурап алып, сахнаны нағыз Наурыз думанына айналдырды.

Айта кету керек, «Наурыз ертегісін» балақайлар алдағы мереке күндері де тамашалай алады.

«СБ» ақпарат.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 наурыз 2019 г. 242 0