ҚОСҮЙЕҢКІДЕГІ НАУРЫЗ

 Шиелі ауданы Қосүйеңкі ауылының тұрғындары үшін нау­рыз айының әр күні мереке. Екі жүзден астам адам тұратын ауылдың ауызбірлігі мен ұйымшылдығы осындай сәттерде айқын көрінеді. 

Серікбай Бейсенұлы, 

ардагер:

– Тіршілік түрленгенде төрт түлік те төлдейді. Сол уақытта көпшілік сиырдың уызын қосып, көже пісіреді, құран оқытады. Артынша Наурыз мерекесіне дайындық басталады.

Бұл – менің жетпіс сегі­зінші көктемім. Ес білгелі Наурыздың тойланбай қал­ға­нын көрген емеспін. Кеңес одағы кезінде қой бағып, шопан болдым. Сол кезде де мерекені тойлайтынбыз. Кейін ауылға келдім. Содан бері Ұлыстың ұлы күнін айдың ортасынан бастап тойлайтын болдық. Алғашында қойшылар, одан кейін көшелер, сосын әулет болып атап өту дәстүрге айналды.

Мереке түрлі ұлттық ойындар ұйымдастырумен ерек­шеленеді. Ақсақалдар мен ақжаулықты аналар ұлт­тық үлгіде киініп, елге бата береді. Жастар жағы өнер көрсетіп, мұғалімдер түрлі сайыстар өткізеді. Неме­ре­леріміздің ойын-сауығы ауыл ішін қызыққа бөлейді. Мүм­кін­дігінше әр Наурызды осылай қызықты өткізіп келеміз.

Батырхан Төлеуұлы, 

ұстаз: 

– Мереке қарсаңында №84 негізгі мектептің мұғалімдері мен ауыл жас­тары түрлі іс-шаралар ұйым­дастырады. Ауыл­дағы әрбір әулет қазанын қай­­натып, наурызкөже пі­сіреді. Ер азаматтар арасында күш сынасу, қазақша күрес ойындары өтеді. Же­ңімпаздарға арнайы сый­лық тағайындаймыз.

Кейінгі кезде баспасөз бет­терінен «мереке сах­на­лық қойылымға айналып кет­ті» дегенді оқып жүрміз. Бірақ біздің ауылда олай емес. Се­бебі қара қазаны ор­таймаған Қос­үйеңкі әр­дайым шынайы болмысы мен дәстүрді дәріптеп келеді.

Ұлық мейрамды сән-салтанатымен өткізуде қо­с­үйең­кіліктердің ­өзін­дік қол­­таңбасы бай­қа­­­лады. Жа­ңару мен жа­­сам­­­паз­дық­тың бас­­тауы, бей­­бітшілік пен ке­лісімнің арқауы болған Нау­рыз нағыз ын­ты­мақтың мерекесі еке­нін ауыл­дағы ағайын жақсы сезінеді. 

 

Маржан ӘШІРАПБАЕВА,

Қорқыт ата атындағы 

ҚМУ-дың студенті.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 наурыз 2019 г. 212 0

Едел-Жедел

Күнтізбе

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930