ЮНЕСКО-да Наурыз мейрамы тойланды

Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі кеңесінің (ЮНЕСКО) Франция астанасындағы бас пәтерінде арнайы салтанатты іс-шара өтті. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.  
Іс-шараға қатысқандардың пікірінше көктем мен жаңару мейрамы ретінде Наурыз күллі адамзатқа жақын құндылықтарды ұлықтайды. Мерекелі күннің қарсаңында жыл сайын ұйымдастырылатын дәстүрлі дипломатиялық қабылдауға ЮНЕСКО басшылығы мен мүше мемлекеттердің Ұйым жанындағы тұрақты өкілдіктері, ғылыми және шығармашылық орталардың, Наурызды атап өтетін халықтардың Франциядағы диаспораларының өкілдері қатысты. Іс-шараға ЮНЕСКО-ның Бас директоры Одрэ Азуле қатысып, баршаны Наурыз мерекесімен жылы құттықтады және бұл тамаша мейрам күллі адамзаттың ортақ мәдени құндылығы екендігін атап өтті.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 наурыз 2019 г. 256 0