Қармақшыда таэквондодан ашық біріншілік басталды

Бүгін Жосалы кентіндегі дене шынықтыру және спорт кешенінде балалар мен жеткіншектер және жасөспірімдер арасындағы таэквондодан Қармақшы ауданының ашық біріншілігі өтуде.

Шараның ашылу рәсімне қатысқан аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Меңлібаев балалар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастар арасында спортпен шұғылдану бағытында өткізіліп отырған шараның маңыздылығын атап өтті.

Ал аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұрбол Мырзабаев қазір ауданда таэквондо клубтары мен үйірмелері белсенді жұмыс атқарып, шәкірттері республикалық жарыстарда топ жарып жүргенін жеткізді.

Ашық біріншілікке Қызылорда қаласы мен Байқоңыр қаласынан және Шиелі, Қармақшы аудандарынан 6 команда 150-ге жуық жас спортшылар қатысуда. 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 01 сәуір 2019 г. 555 0