Назерке Нұрғали екі дүркін Азия чемпионы атанды

Шри-Ланканың Вакадува қаласында шахматтан өткен Азия чемпионатында жерлесіміз Назерке Нұрғали 16 жасқа дейінгі қыздар арасында рапид түрінен өнер көрсетіп, екінші мəрте Азия чемпионы атанды, - деп хабарлайды syrboyi.kz сайты.

Назерке 2016 жылы Моңғолиядағы Азия чемпионатында 12 жасқа дейінгі қыздар арасында алтын медаль иеленген болатын. 2017 жылы Румынияда 13 жасқа дейінгі Əлем чемпионатында күміс, 2018 жылы Албанияда 15 жасқа дейінгі қыздар арасында Əлем чемпионы атанған.
Ал биыл Назерке классика, рапидтен (16 жас) жəне блицтен (20 жас) Қазақстан чемпионы атанды.

Айта кету керек, жас спортшының жаттықтырушысы - Василий Шмелков.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 03 сәуір 2019 г. 719 0