Облыстық жастар ресурстық орталығының директоры тағайындалды

Облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-де кадрлық өзгеріс болды. Тағайындау туралы бүгін Шиелі ауданында өткен жастар саясаты мәселелері бойынша кеңестің көшпелі отырысында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев мәлімдеді.
Бұған дейін орталыққа жетекшілік етіп келген Жасұлан Алдабергенов басқа қызметке ауысуына байланысты лауазымынан босатылды. Оның орнына орталық директоры қызметіне жастар саясаты саласындағы тәжірибелі маман Абылайхан Сабанбаев тағайындалды.
Облыс әкімі Жасұлан Алдабергеновке атқарған еңбегі үшін алғыс білдіріп, орталықтың алдағы жұмысына сәттілік тіледі.



ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 03 сәуір 2019 г. 970 0