Қазақстандағы жаңа президенттің есімі 16 маусымға дейін белгілі болмақ

Қазақстанда кезектен тыс сайлау тоғызыншы маусым күні өтеді. Орталық сайлау комиссиясы президент сайлауын әзірлеу мен өткізудің негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспарын жария етті. Дауыс беру күніне дейін әлі бірнеше кезең бар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Президентікке кандидаттарды ұсыну 10 сәуірден басталып, осы жылдың 28 сәуірінде сағат 18-00-де аяқталады. Үміткерлерді ұсынуға 19 күн беріледі.

Үміткерлерді тіркеу 2019 жылдың 11 мамыр күні сағат 18:00-ге дейін жалғасады.

Сайлау алдындағы үгіт-насихат тіркеу кезеңі аяқталғаннан кейін бірден басталып, 7 маусым күні 00-00-ге дейін жалғасады.

8 маусым тыныштық күні болмақ. Бұл күні сайлауалды үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынған.

9 маусым сағат 07-00-ден 20-00-ге дейін - дауыс беру күні.

Осымен азаматтардың қатысуы аяқталып, қорытынды шығару басталады.

Дауы беру аяқталған соң екі күннің ішінде алдын ала нәтижелер жарияланады.

Жеті күн ішінде сайлау нәтижелері анықталып, жаңа сайланған президентті тіркемек (10 маусымнан 16 маусымға дейін ).

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 сәуір 2019 г. 457 0