ЖАРЫЛЫСТАН 1 АДАМ ҚАЗА ТАУЫП, 7 АДАМ ЖАРАҚАТ АЛДЫ

Алакөл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде жарылыс болып, бір адам қаза тапты және жетеуі жарақат алды, деп хабарлайды  https://www.inform.kz/  ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«10 сәуірде сағат 15:00 шамасында Алматы облысы Үшарал қаласында Алакөл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі әкімшілігінің аумағында автоцистерна сорғышына жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде жарылыс болды. Соның салдарынан Алакөл аудандық ауруханасына түрлі жарақат алған 8 жұмыскер жеткізілді. Олардың біреуі алған жарақаты салдарынан көз жұмды», - делінген ҚР ТЖК баспасөз қызметінің хабарламасында. Қазіргі таңда жарылыстың неден болғаны анықталып жатыр.


 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 сәуір 2019 г. 502 0