Республикалық турнир басталды

Бүгін "Жастар жылына" арналған VІІІ жазғы салалық спартакиада бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының, арнайы және күш құрылымдары қызметкерлерінің арасындағы шағын футболдан республикалық турнир басталды. Турнир "Динамо" спорт кешенінде өтуде.

Турнирге барлығы 10 команда, атап айтқанда, ҚР Бас Прокуратурасы, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ҚР Ішкі істер Министрлігі, ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, ҚР ІІМ Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы, ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитеті, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі, ҚР Ұлттық ұланы, ҚР Қорғаныс министрлігі командалары қатысып, бақ сынауда. Шараның ашылу рәсімінде  облысытық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі  Қайрат Мұхитов сөз алып, қатысушыларға сәттілік пен жарқын жеңіс тіледі.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 сәуір 2019 г. 419 0