"Гарри Поттер мен философиялық тас" кітабы рекордтық бағаға сатылды

"Гарри Поттер мен философиялық тас" кітабының алғашқы басылымы Лондонда бәссаудаға қойылып, рекордтық бағаға сатылды. Бізге белгілі мәлімет бойынша, ол 68 000 фунт стерлингке (80 000 еуро немесе 92 000 доллар) өткен.  Роулинг ханымның атағын әлемге жайған туындыны Батыс Лондондағы Bonhams бәссауда үйі сатылымға шығарды. Ал бұл кітап не үшін сондай бағалы?
"Гарри Поттер мен философиялық тас"  алғаш 500 данамен Bloomsbury баспасынан 1997 жылы шыққан екен. Бір қызығы, онда бірнеше қате кеткен. Мысалы, артқы мұқабада туынды атауы қате көрсетілген. Онда  Harry Potter and the Philosopher’s Stone орнына Harry Potter and the Philospher's Stone деп басылған. Сондай-ақ, Гарри Поттерді сипаттайтын сөйлемде "сиқырлы таяқша" сөзі екі рет жазылған. Естеріңізге сала кетейік, ағылшын жазушысы Джоан Роулингтің романдары желісі бойынша Гарри Поттер туралы фильмдер де түсірілген. Фильм экранға жол тартуына голливудтық Warner Bros. компаниясы қолдау білдірді. Поттер туралы барлық фильм әлемдік прокатта 7,7 миллиард АҚШ долларын жинап, кино өндірісі тарихында ең табысты фильмдер қатарынан табылған. Басты рөлдерді сомдаған Дэниел Рэдклифф (Гарри Поттер), Эмма Уотсон (Гермиона Грейнджер) және Руперт Гринт (Рон Уизли) сынды жас актерлер фильм сюжетімен бірге өседі. Алғашқы фильм 2001 жылы түсірілсе, соңғысы 2011 жылы әлемдік прокатқа шығарылған. Роулингтің сиқыршы бала туралы шығармасы әлемнің 74 тіліне аударылып, олардың әрқайсысы 500 миллион данамен жарық көрген. Ал фильмі тағы да миллондаған табыс алып келді.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 сәуір 2019 г. 108 0