Еліміздің ішкі істер органдарынан 10,6 мың штаттық бірлік қысқарады

Еліміздің ішкі істер органдарынан 10,6 мың штаттық бірлік қысқартылатын болады. Бұл жайында  ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«2019-2021 жылдарға арналған ішкі істер органдарын жаңғырту жол картасына сәйкес ағымдағы жылы 10,6 мың штаттық бірлік қысқартылды. Ол жетіспейтін және артық басқарушылық лауазымдарды қысқарту есебінен жүзеге асырылды. ҚР ІІМ қарамағына 596 қызметкер шығарылып, олар бүгінгі күні жұмысқа орналастырылды», - деп атап өтеді ведомстводан.
Министрлік мәліметіне қарағанда, ведомствода жүргізілген  оңтайландыру нәтижесі нормативтік тұрғыда ғана бекітілген.
«Бұл үшін Үкімет қаулысының жобасы әзірленіп, «Құқықтық актілер туралы» Заңға сәйкес ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталына орналастырылды. Мұнан өзге қысқарту жоспарланып отырған жоқ», - дейді министрлік баспасөз қызметінен.   




ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 сәуір 2019 г. 488 0