Қызылордада шағын футболдан республикалық турнир өтуде

Қызылорда қаласында Жастар жылына арналған VІІІ  жазғы салалық Спартакиада бағдарламасы  бойынша Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының,  арнайы және күш құрылымдары  қызметкерлерінің арасындағы шағын футболдан республикалық турнир  бастау алды. Турнир Динамо спорт кешенінде өтуде.  
Турнирге барлығы 10 команда, оның ішінде ҚР Бас Прокуратурасы, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ҚР Ішкі істер Министрлігі,  ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, ҚР ІІМ Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы,  ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитеті, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі, ҚР Ұлттық ұланы, ҚР Қорғаныс министрлігі  командаларының 100 спортшысы жарыс жолына түседі.
Турнирдің салтанатты ашылу рәсімінде облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қайрат Мұхитов сөз алып,  қатысушыларға сәттілік пен жарқын жеңіс тіледі.
Турнир екі күн бойы өтіп, қатысушылар өзара мықтыны анықтайтын болады.  

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 сәуір 2019 г. 59 0