Рамазанға дайындық жұмыстары пысықталды

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде қала және аудан мешіттері имамдарының кезекті алқалы жиыны өтті.

Жиында Өкіл имам Болатбек Ұласқанұлы Нұр-Сұлтан қаласында Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы мен облыстық өкіл имамдардың қатысуымен өткен төралқада талқыланған өзекті мәселелер мен ҚМДБ тапсырмаларына тоқталды.

Күн тәртібі бойынша мешіттер мен дін қызметкерлерінің Рамазан айын жоғары деңгейде атқару үшін осы бастан дайындық жұмыстарын пысықтап, жоспарға сәйкес, мешіттердің қарилармен қамтылып, хатым Құран жасалуын, тарауық намазының үзбей оқылуын, 30 күн бойы ауызашарлардың тұрақты берілуін, «Жастар» жылының құрметіне орай ерекше жобалар мен түрлі форматтағы іс-шаралардың ұйымдастырылуын, халық арасында кең көлемде насихатталып, ақпараттандырылуын, қауіпсіздік талаптары сақталуын, сонымен қатар, «Ел үлесі пәтерге» жобасына үлес қосып, «Зекет» қорымен бірге қайырымдылық жұмыстары жүйелі түрде өткізілуін қадағалауды тапсырды.



ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 сәуір 2019 г. 170 0