"Үздік эссе" конкурсы өтеді

 ҚР Әділет министрлігі «Контрафакт» республикалық акциясын өткізуде. «Контрафактіге жол бермеу» тақырыбында ең үздік қысқа бейнероликке (vine) жастар арасында 16 жастан 29 жасқа дейін, «Зияткерлік меншік және мемлекет-2050» тақырыбында үздік эссеге 14-16 жас аралығындағы балалар арасында өткізілетін конкурстарға қатысуға шақырамыз.
Өтінімдер 2019 жылдың 30 сәуіріне дейін қабылданады. Конкурс шарттары Әділет департаментінің www.kzl.adilet.gov.kz сайтында орналастырылады.
Мекен-жайы: Қызылорда қ., Абай даңғылы, 52, 209 кабинет. Тел.: 8(7242)23-10-08.

Қызылорда облысының Әділет департаменті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 сәуір 2019 г. 268 0