Сахнада – «Қызыл орамалды шынарым»

Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театры Сыр елінің назарына «Қызыл орамалды шынарым» қойылымын ұсынды. 

Спектакльде Тянь-Шянь тауының бөктеріндегі қырғыз даласында ойда жоқта жолыққан трактор жүргізушісі Ілияс пен  Әселдің арасындағы шынайы махаббат бейнеленген. Ғашықтар өмірінің соңына дейін бірге боламыз деп уәделескенмен, тосыннан келген сындарға төтеп бере алмай, өмір жолының екі торабына кете барады. Қорғансыз Әсел ұлы Саматты әкесіз қалдырмас үшін өзінен бірнеше жас үлкен азаматқа тұрмысқа шығады.

Айта кету керек, Нұр-Сұлтаннан келген театр Сыр елінде тағы бірнеше күн өнер көрсетеді. Алдағы күндері Шыңғыс Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күн» драмасы, Р.Кунидің «Туған күн» комедиясы, Рақымжан Отарбаевтың «Әміре» драмасы, ал гастрольдік сапрдың соңғы күні Мұхтар Әуезовтың «Қараш-қараш» әлеуметтік драмасын ұсынылмақ.

Айдана ҚЫПШАҚБАЙ,

Қорқыт ата атындағы

 Қызылорда мемлекеттік университетінің

 студенті.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 сәуір 2019 г. 161 0