Полиция капитаны жоғалған 9 жастағы баланы тауып берді

17 сәуірде түңгі уақытта кезекші бөліміне Тасбогет кентінің тұрғынынан 2010 жылы туылған ұлы, үйінен серуенге шығып, оралмағаны туралы хабарлама түсті.
Оқиға орнына жедел-тергеу тобымен бірге ювеналды полиция инспекторлары да жөнелтілген, олар іздестіру шараларын бастады. Қалалық полиция басқармасының ювеналды полиция бөлімшесінің инспекторы, полиция капитаны Гүлзира Искакова баланың анасымен бірге азанға дейін, көз ілмей баланы іздеді. Барлық туыстарының және таныстарының үйлеріне, көшелерді, көп қабатты үйлердің жер төлелерін,  сыныптастарының мекен-жайларынан іздестіру барысында аралап, тек таңғы сағат 07:00 шамасында танысының үйінен табылып, анасына аман-есен тапсырылды.
Қәзіргі уақытта  ата-анасымен және кәмелетке толмаған оқушымен профилактикалық  алдын-алу жұмыстары жүргізілуде.

Қызылорда қаласы Полиция басқармасының баспасөз қызметі
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 сәуір 2019 г. 195 0