Оңтүстік дербиде гол салынбады

 Футболдан Қазақстан премьер-лигасының 6 туры артта қалды. Бұл турда "Қайсар" "Ордабасыны" қабылдады. Оңтүстік дерби қашанда тартысты өтеді. Сондықтан бүгінгі кездесу де жанкүйерлер күткендей ойын болды. Алғашқы минуттан қос ұжым да гол соғудың амалын қарастырды. Кездесдуің бірінші бөлігінде доп алма-кезек ортада өрбігендіктен шабуылшылар тарапынан екі қақпашыға қиындық туындамады. Ойынның екінші жартысында Стойчо шәкірттері шабуылдарын үдете бастады. Алдымен Асхат Тағыбергеннің тоғыздыққа бағыттаған добын Непогодов қайтарса, Братислав Пуношевацтың тепкен добы қақпа бағанасының маңайынан өтті. Қарсыластар да қарымта шабуылға шығып, қақпашы Григоренконың әуселесін байқап көрді. Осылайша 90 минуттық тартыста қос ұжым гол салалмай, тең тарқасты. 8 ұпай еншілеген қасқырлар турнирлік кестеде 6 орынды сақтап қалды. Айта кетейік, "Қайсар" келесі кездесуін 27 сәуірде түзде "Шахтермен" өткізеді. 

"Қайсар" ФК баспасөз қызметі 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 сәуір 2019 г. 214 0