Қармақшыда көктемгі дайындық басталды

Биыл Қармақшы ауданы бойынша 22078 гектар егіс орналастырылады деп жоспарлануда. Оның ішінде күріш - 14000 га, бидай – 380 га, мақсары -302 га, соя-40 га, жоңышқа – 6744 га, картоп-383 га, көкөніс – 323 га, бақша өнімдері - 481 га егіледі.Сонымен қатар, 40 гектар жерге соя дақылын «Тұрмағамбет» ЖШС және «Жаңажол» ЖШС шаруашылықтарында өсіру күтілуде.
Бүгінгі таңда аудан бойынша көктемгі дала жұмыстарына қатысатын 131 трактор, 86 соқа, 40 тұқым сепкіш, 66 автомашина, 98 трактор тіркемесі бар. Бұлардың ішінде өнімділігі жоғары 15 МагДон жаткасы, 22 Класс комбайндары, т.б. ауыл шаруашылық техникалары бар. Техника паркінің 75 пайызы жаңартылған.
Қармақшы ауданына ұйымдастырылған баспасөз турында БАҚ өкілдері ІІІ-Интернационал ауылдық округі «Достық жер» шаруа қожалығы, Иіркөл ауылдық округіндегі дайындық жұмыстарымен танысты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 сәуір 2019 г. 333 0