Назарбаев президенттікке Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды

Nur Otan партиясының съезінде Нұрсұлтан Назарбаев мерзімінен бұрын Қазақстан президентін сайлауға қатысуға Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Жаңа басшылыққа халықтың сенімі жоғары болады. Партия төрағасы ретінде мен Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қарастыруларыңызды ұсынамын. Сенат Төрағасы ретінде ол парламентаризмнің дамуына зор үлес қосты. Осы жылдар бойы ол менің серіктесім болды", - деді Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan кезектен тыс ХІХ съезінде.
Тоқаевтың кандидатурасы Елбасының (партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев) қатысуымен өткен XIX кезектен тыс Nur Otan партиясының съезінде ұсынылды. Съезге барлық деңгейдегі депутаттар қатысты, саяси кеңестің мүшелері, партия ардагерлері, өңірлік филиалдардың өкілдері және "Жас Отан" жастар қанатының белсенділері.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның қазіргі президенті. Сәуірдің басында Мемлекет басшысы 9 маусымда елде кезектен тыс президент сайлауы өтетінін мәлімдеді. Ол сайлаудың таза, ашық әрі әділ өтетініне уәде берді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 сәуір 2019 г. 192 0