Қармақшыда волейболдан облыс біріншілігі өтті

Қармақшы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының құрметті спорт қайраткері» ардагер ұстаз Атабаев Еркін Оразбекұлы атындағы волейболдан 2003-2004 жылы туылған жасөспірімдер арасында облыс біріншілігі өтті.

Жарыстың ашылуында аудан әкімінің орынбасары Е. Меңлібаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ. Есдәулетов сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға ізгі лебіздерін жеткізді.

Аудандар мен елді мекендерден 11 команда 150-ге жуық спортшы қатысты.

Облыстық турнирде үздік ойын өрнегін көрсеткен спортшыларды атап айтар болсақ: «Үздік ойыншы номинациясымен» – Қуанышбеков Медет, «Үздік либеро» номинациясымен – №274 орта мектебінің командасының ойыншысы Алиев Асхат,«Үздік доп қабылдаушы» номинациясымен – Жеткергенов Әркен, «Үздік доп үйлестірушісі» номинациясымен – Айбекұлы Ержігіт, (Сырдария ауданы), «Үздік тосқауыл қоюшы» номинациясымен – Жетесов Ернұр марапатталды.

Облыстық турнирде үздік ойын өрнегін көрсеткен спортшылармен командаларға аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің арнайы дайындаған диплом, медаль мен кубоктары табысталды.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 сәуір 2019 г. 184 0