Дәстүрлі емес діни ағымды ұстанған сотталғандармен теологиялық жұмыстар жүргізілуде

Теологиялық оңалту жұмыстары тек бостандықтағы азаматтар арасында ғана емес, түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар арасында  да жоспарлы түрде жүргізіліп отырады. 

Дін деп ойлап теріс ағымның ықпалына беріліп, Діннің шыңына шығамын деп, шыңырауына құлап жататын  дәстүрлі емес діни ағымды ұстанушы жаза мерзімін өтеушілерге ЗК-169/1 түзету мекемесіндегі Профилактикалық жұмыстарды тиімді жүргізу және өзге сотталғандарға теріс ықпал жасауының алдын алу мақсатында аталған сотталғандар мекемеге қабылданған күннен бастап жеке-жеке камераларға  орналастырылады.

Мекемедегі жаза  мерзімін өтеуші азаматтар арасында  діни мазмұндағы ақпараттық материалдардың таралуын қадағалау жұмыстарын жетілдіру, радикалды бағыттағы діни әдебиеттерді және діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды пайдалануға жол бермеу мақсатында 39-дана кітап пен 5-дана дисктерді «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабына сәйкес  облыстық ішкі саясат басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу» орталығымен сараптама жүргізу жоспарлануда.

Сондай-ақ мекемедегі дәстүрлі емес діни ағымды ұстанушы   сотталған азаматтарға Қызылорда қалалық халық шығармашылығын дамыту орталығынан отансүйгіштікке тәрбиелейтін, ұлттық құндылықтарды насихаттайтын «Сардар» көркем фильмі мен адасқан ағымдардың қате сипатын айқындайтын «Сенім жолында» деректі фильмі көрсетілді. ҚАЖ мекемелерінде сотталғандар арасында теологиялық оңалту жұмысын ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдарға сәйкес әр сотталғанға діни бірлестік өкілі мен теолог мамандардың келу кестесі әзірленген.Айталық, «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» аға маман теологы Андарбаев Сержан, «Нұр» мешітінің найб имамы Бисенов Мэлс , «Айтбай» мешітінің найб имамы Талқанбаев Дастан мекемеге  келіп оқшауланған аймақтан  сотталғандарды қабылдады. Алдағы уақыттарда дәстүрлі емес діни ағымды ұстанушы  сотталғандарға  адасқан ағымдардың қате сипаттарын айқындайтын 200-ден аса  фильмдер мен бейнероликтер   көрсету жоспарлануда.

Қызылорда облысы  бойынша 

ҚАЖ департаменті ЗК-169/1 мекемесі

А КАӘПТЖБ -бөлімі теологиялық

оңалту жұмыстарын ұйымдастыру тобының 

инспекторы әділет аға лейтенанты                                                             Қ.Пазылов

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 сәуір 2019 г. 307 0