Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік тілден емтихан тапсырып жатыр

Еліміздің Орталық сайлау комиссиясында ҚР Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергенін анықтайтын лингвистикалық комиссия отырысы өтіп жатыр. Отырыста президенттікке «Nur Otan» партиясының атынан кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік тілден емтихан тапсыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
Айта кетейік, 19 сәуірде ҚР Орталық сайлау комиссиясы ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында ҚР Президенттігіне кандидаттардың мемлекеттік тілде еркін  меңгергенін анықтайтын лингвистикалық комиссия құрып, оның құрамына Мырзатай Жолдасбеков, Әділ Ахметов, Ғарифолла Есім, Серік Қасқабасов, Гүлтас Құрманбай, Ерден Қажыбек енген болатын.  Комиссия төрағасы Мырзатай Жолдасбековтің айтуынша, емтихан үш кезеңнен құралған.
 Бірінші кезеңде үміткер конвертте жасырылған тақырыптардың біріне жазбаша жұмыс жазады. Жазбаша жұмыс 2 беттен аспауы керек, оны жазуға 1 сағат уақыт беріледі. Егер үміткер 1 сағатта жазып бітіре алмаса, комиссия ақылдаса келе, қосымша жарты сағат бере алады. Комиссия мүшелері жұмысты мұқият тексереді, әріп қатесін, тыныс белгілерін қадағалайды. Мәселен, 8 орфографиялық қате табылса, екі қойылады. Екінші кезеңде үміткер комиссия ұсынған көлемі үш беттен аспайтын мәтінді дауыстап оқиды. Бұл кезеңде үміткердің дауыс ырғағы, оқу мәнері бағаланады. Үшінші кезеңде үміткер лингвистикалық комиссия берген тақырыптардың біріне сөз сөйлеуі қажет. Оның да тақырыптары конвертке салынып, бекітілген. Т
ақырыптар қазақ халқының тарихы, мәдениеті, жетістіктері жөнінде болмақ. Үміткердің сөз сөйлеуі комиссияны қанағаттандырмаса, тақырыпты тереңірек ашу үшін қосымша сұрақтар қойылады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 сәуір 2019 г. 309 0