"Қайсар" - "Оңтүстік Академия" 1-0

  Бүгін "Қайсар U-21" Қазақстан екінші лигасының 6 туры аясында "Оңтүстік Академияның" жастарын қабылдап, 1-0 есебімен жеңіске жетті. 
Ойынның алғашқы жартысында қос тарап та шабуыл ұйымдастырғанымен таблодағы есепті өзгерте алмады. Кездесудің екінші бөлігінде қарсылас қақпашысы Әлім Тәңірбергеновке қарсы ойын тәртібін бұзып, алаң иелері 11 метрлік айып добын тебуге мүмкіндік алды. Нүктеге келген Қасымхан Алпысбаев пенальтиды сәтті орындап, командасына кезекті жеңісті сыйлады. Енді Жоламанов шәкірттері 7 мамырда СДЮСШОР № 8 командасына қонаққа барады.


"ҚАЙСАР" ФК баспасөз қызметі 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 сәуір 2019 г. 530 0