Сайлау алдындағы процестің заңдылығын қанша заңгер бақылап отыр?

Қазақстан бойынша заңгерлер сайлау алдындағы процеске қатысты кеңес беруге әзір, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Заңгерлер әділ сайлау үшін» республикалық қоғамдық бірлестігіне Қазақстан бойынша 3 мыңға жуық адам кіріп отыр, оның басым бөлігі жастар. Жас заңгерлер осы процеске қатысуға ниет танытты. Біз сайлау процесі бойынша, сондай-ақ заңсыз іс-қимылдарға шағым түсіруге қатысты түсінік береміз», - деді Қазақстан Заңгерлер одағының төрағасы Серік Ақылбай тілшілермен болған кездесуде.
Осы орайда ол республикалық қоғамдық бірлестік көмегіне кез келген адам жүгіне алатындығын айтты.
«Сайлау науқанына қатысты кез келген адамға қойылған сауал бойынша кеңес бере аламыз. Бізге кандидаттардың өздері де келіп, кеңес алуына болады», - деді С. Ақылбай. Айта кетейік, «Заңгерлер әділ сайлау үшін» РҚБ сайлау алдындағы процесте заңды іс-қимылдардың мониторингі үшін арнайы құрылған болатын.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 01 мамыр 2019 г. 574 0