Жылыту маусымы күн жылынғанға дейін жалғасады

Көкшетауда жылыту маусымы күн жылынғанға дейін жалғасатын болады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Көкшетау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінде хабарлағандай, қаладағы жылыту маусымы ауа райына  байланысты 1 мамырда аяқталмайды, яғни тәуліктік орташа температура +8/+10 градус шамасында тұрақталғанға дейін жалғасатын болады. Қазіргі уақытта облыс орталығында ауа температурасы минус - 2 градус шамасында.
Еске сала кетейік, сәуірдің 29-нан 30-на қараған түні Ақмола облысының солтүстік өңірлерінде, атап айтқанда, Көкшетау қаласында қар жауды. «Қазгидромет» РМК-ның Ақмола облысы бойынша филиалы мәлім еткеніндей, 1 мамыр күні кей жерлерде жауын-шашын болуы ықтимал.




ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 01 мамыр 2019 г. 512 0