АҚШ-та лотереядан $2 млн ұтқан белгісіз біреу ақшаны алуға келмеген

Белгісіз біреу техастық Quick Pick  лотереясынан 2 млн доллар ұтқан. Бірақ ол ақшаны алуға келмеген, деп хабарлайды Қазақпарат CNN телеарнасы.

Белгісіз біреу 2018 жылдың 27 қазанында Колледж-Стейшн қалашығында лотерея билетін сатып алып, ұтысқа кенелген. Бірақ, ұйымдастырушылармен уақтылы байланысқа шықпаған.

Ережеге сәйкес, билеттің иесі 180 күннің ішінде ұтысын алып кетуге келмесе, ақша мемлекетке қайтарылады.

Тек, әскери қызметшілердің кейбір топтарына ғана қосымша уақыт беріледі. Ақша иесі әлі табылған жоқ, ал уақыт аз қалды.

 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 01 мамыр 2019 г. 389 0