"Алтын қолғап" иегеріне футбол ойнауға тыйым салынды

"Порту" қақпашысы Икер Касильясқа футболшы карьерасын аяқтауға тура келеді. AS басылымына берген сұхбатында кардиолог дәрігер Хуан Антонио Корбалан осындай пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
 1 мамырда футболшы жүрек талмасымен ауруханаға түскен. Өзін жаттығу кезінде нашар сезінген футболшыға ота жасалды. Қақпашы маусым аяғына дейін ойын алаңына шыға алмайды. Дәрігердің сөзінше, голкипер коронарлы стент диагнозымен ары қарай футбол ойнай алмайды. "Икер қалыпты өмір сүре алады, бірақ, спортпен кәсіпқой деңгейде айналыса алмайды", - дейді кардиолог. Футболшының өзі Twitter желісінде, жаңдайы оңалғанын жазып, жанкүйерлеріне қолдау үшін алғысын білдірді.
Касильяс мадридтік "Реалдағы" ойындарымен танымал, оның сапында футболшы Испания чемпионатын бес рет, үш рет Чемпиондар лигасын, екі рет УЕФА суперкубогын ұтқан. ОАР-да 2010 жылы өткен Әлем чемпионатында ол турнирдің ең үздік қақпашысы атанып, "Алтын қолғап" сыйын иеленген.
Дереккөз: tengrinews.kz
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 02 мамыр 2019 г. 358 0