Аралда алғашқы фитнес клуб ашылды

Қазақстан халқы бірлігі мерекесі қарсаңында Арал қаласында алғашқы фитнес клуб ел игілігіне берілді. Фитнес-клубтың ашылуына қатысқан аудан әкімі Мұхтар Оразбаев шаһар тұрғындарын құттықтап, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын атап өтті.
«Aibar» фитнес орталығы – аудан көлемінде алғашқы ашылып отырған нысан. Заман талабына лайықталып бой көтерген, көлемі 405 шаршы метр болатын нысанның жоба құны - 30 млн теңге. Салауатты өмір салтын ұстануға бастамашы болып отырған орталық бір мезетте 60 адамды қабылдауға қауқарлы. Аталмыш фитнес-клубтың иесі Ақыл Сәдуақасованың айтуынша, мұнда соңғы разрядқа сай барлық жағдай жасалған және құны 14 млн теңгені құрайтын жаттығуға арналған спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Орталықта алдағы уақытта 5 адам тұрақты жұмыспен қамтылады деп жоспарлануда.

Дереккөз: www.aral.gov.kz
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 02 мамыр 2019 г. 570 0