Қызылордада ата-анасынан адасып қалған бала аман табылды

 Қызылорда қаласында ата-анасынан адасып қалған бес жастағы бала аман-есен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ол облыс орталығындағы «Еуразия» спорт кешенінен шыққан. Сол сәтте жанында ата-анасы болмаған. Ата-анасының бақылауынсыз қалған бала оны көргендердің айтуынша қоғамдық көліктің біріне мініп кеткен. Балаға әлеуметтік желіде іздеу жарияланды. Полиция қызметкерлері іздестіру шараларын жүргізді. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі баланың аман-есен табылғаны жайында хабар берді. Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын Қызылордада жоғалып кеткен 9 жасар бала аман-есен табылғанын хабарлаған едік.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 02 мамыр 2019 г. 571 0