Ізгі іске ат салысайық

Құрметті қызылордалықтар! Келе жатқан Рамазан айы баршамызға құтты болсын!
Қасиетті Рамазан айын басқа айлардан ерекшелейтін сауапты амалдардың бірі – күні бойы ауыз бекіткендерге ауызашар мен сәресін беру. Хадистердің бірінде «Ауыз аштырушыға ораза ұстаған кісінің сауабындай сауап беріледі» деген. Ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық дәстүрімізде «ауызашарға» ерекше маңыз беріліп, рәсім ретінде орын алған.
Осыған орай, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен берекелі Рамазан айының құрметіне облысымыздың мешіттерінде өкізілетін «30 күнде 30 ауызашар» атты іс-шараға қолдау көрсетуге  шақырамыз.

  Б.Оспанов
                                                                 дінтанушы
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 03 мамыр 2019 г. 399 0