ҚР Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы тағайындалды

ҚР цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығымен Виталий Владимирович Ярошенко Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды primeminister.kz.
В.Ярошенко 1977 жылы дүниеге келген. Ақмола аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық-заң университетін, Көкшетау экономика және менеджмент институтын бітірген.
2003 жылдан бері байланыс саласына жетекшілік ететін орталық мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінде жұмыс істеді. 2015-2017 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті төрағасының орынбасары, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс департаментінің директоры, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және БАҚ саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті төрағасының орынбасары лауазымдарын атқарды. 2017-2019 жылдары - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті төрағасының орынбасары.
2019 жылғы ақпаннан бастап ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы қызметін атқарды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 06 мамыр 2019 г. 486 0