Оқу-жаттығу жұмыстары басталды

Жыл басынан облыс бойынша 151 өрт оқиғасы болса, оның ішінде 1 орман өрті орын алған. Дала өрттері тіркелмеген. Өрт қауіпті кезеңде орман және дала өрттерінің алдын алу бойынша облыстық жұмыс тобы құрылды. Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметінде Қызылорда облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметі» ММ-нің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Руслан Қайрақбаев айтты.

– Ағымдағы жылдың 19-26 сәуір аралығында Жаңақорған, Жалағаш, Қармақшы, Қазалы және Арал аудандарында жергілікті атқарушы органдар мен өртке қарсы құрылымдар ұйымдастырған бірлескен өрт-техникалық жаттығу өткізілді. Мамыр айында Қызылорда қаласы, Сырдария және Шиелі аудандарында оқу-жаттығу шараларын өткізу жоспарлануда,– деді ол.

Атап айтарлығы, жергілікті атқарушы органның теңгерімінде 8 мемлекеттік орман шаруашылығы мекемесі бар, олардың жалпы ауданы 6,6 млн гектарды құраса, оның ішінде орман қорының жері 3,1 млн гектар.

Гүлмира ДІЛДӘБЕКОВА.

«Сыр бойы»

 

 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 07 мамыр 2019 г. 291 0