Құрметті Қызылорда қаласы және Қызылорда облысыныңтұрғындары!

«Болат Өтемұратов Қоры» Жеке Қоры «Асыл Мирас» Аутизм Орталығы 13-17 мамыр аралығында Қызылорда облысының Денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп скрининг өткізеді. Скрининг Аутистік Спектірінің Белгілері бар балаларды ерте анықтау және бейімдеу мақсатында жүргізіледі және қала бойынша 8 емханаларда жүргізілетін болады:
1.№ 1 қалалық емхана
2.«Alexey Sultan Akhmetа» ЖШС емханасы
3.№ 3 қалалық емхана
4.№ 4 қалалық емхана
5.№ 5 қалалық емхана
6.№ 6 қалалық емхана
7.ЖШС «Сенім» емханасы
8.Қалалық темір жол емханасы

Бүкіл әлемде М-CHAT деп аталатын тест-ерте жастағы балаларға арналған аутизмді анықтайтын скринингтік тест. Тест бала дамуындағы қиындықтардысоның ішінде аутизм симптомдарын анықтауға бағытталған диагностиканы қажет ететін балаларды анықтауға бағытталған. Бұл сынақ әлемнің 25-тен астам елінде тиімділігін дәлелдеген және ауқымды зерттеулер барысында сынақтан өткен.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 мамыр 2019 г. 430 0