Қызылордалық полицейлер салтанатты шара өткізді

ҚР ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің мәжіліс залында 7 мамыр «Отан қорғаушылар» және 9 мамыр «Жеңіс күні» мерекелеріне орай, өкілдіктің нәзік жанды қызметкерлерінің ұйымдастыруымен мерекелік іс-шара өтті.
Іс-шараға ҚР Президентінің «Байқоңыр кешеніндегі» арнаулы Өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасы басшысының орынбасары Демесинов Мырзабек, Өкілдіктің басшы құрамы мен жеке құрамы қатысты. Өкілдік бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Абуов Касым қызметкерлерді мерекелерімен құттықтап, ыстық лебізін білдірді.
Өз кезегінде М.Демесинов Өкілдіктің барша қызметкерлерін мерекелерімен құттықтап, атқарып жатқан қызметтеріне сәттілік тілеп, Алғыс хаттармен марапаттады.
Қазақстан Республикасы ІІМ, Қызылорда ОПД және Өкілдіктің марапаттау бұйрықтары оқылып, біршама қызметкерлер арнаулы атақтармен, ведомстволық медальдарымен және грамоталармен марапатталды.
Мерекелік іс-шара аумақтың белсенді жастары және өнер қырандарының ән-шашу мен  би билеу өнерлерін  тамашалаумен  жалғасын тапты.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 мамыр 2019 г. 202 0