«Асыл Мирас» аутизм орталығы скрининг өткізеді

 Құрметті Қызылорда қаласы және Қызылорда облысының тұрғындары!


«Болат Өтемұратов Қоры» Жеке Қоры «Асыл Мирас» аутизм оррталығы 13-17 мамыр аралығында Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп скрининг өткізеді. Скрининг Аутистік спектрінің белгілері бар балаларды ерте анықтау және бейімдеу мақсатында жүргізіледі және қала бойынша 8 емханада жүргізіледі:

№ 1 қалалық емхана

«Alexey Sultan Akhmetа» ЖШС емханасы

№ 3 қалалық емхана

№ 4 қалалық емхана

№ 5 қалалық емхана

№ 6 қалалық емхана

ЖШС «Сенім» емханасы

Қалалық темір жол емханасы

Бүкіл әлемде М-CHAT деп аталатын тест-ерте жастағы балаларға арналған аутизмді анықтайтын скринингтік тест. Тест бала дамуындағы қиындықтардысоның ішінде аутизм симптомдарын анықтауға бағытталған диагностиканы қажет ететін балаларды анықтауға бағытталған. Бұл сынақ әлемнің 25-тен астам елінде тиімділігін дәлелдеген және ауқымды зерттеулер барысында сынақтан өткен.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 мамыр 2019 г. 176 0