Әскерилер үшін баспана алу жолы жеңілдеді

Биылғы жылдың мамыр айынан бастап елімізде әскери қызметкерлер үшін мемлекеттік бағдарлама бойынша баспана алу жолы жеңілдеді.

Бұған дейін әскери қызметкер баспана алу үшін «Әскери баспана» сайтына тіркеліп, жұмыс істейтін мекеменің басшысынан келісім алғаннан кейін ғана Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне құжат тапсыратын болса, биылдан бастап мұндай құжат жинау қысқарды. Сонымен қатар бұған дейін әскери қызметкердің еңбек өтілінің болуы міндетті болса, биылдан бастап бұл да міндеттелмейді.

– Ең бастысы олар алатын үй құнының 15 процентін алдын ала жинау керек. Әрі қарай тұрғын үй төлемі немесе жалақысын есептеу арқылы несие рәсімделеді. Несиеның жылдық үстемесі 8 процент. Тағы бір атап айтарлығы, әскери қызметкерлер үшін баспана таңдау өз еркінде. Жеке тұрғын үй немесе көпқабатты үйден бола ма, екінші нарықтағы үйлерден таңдайды ма өз қалауы – дейді «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің Қызылорда облысы бойынша филиалының Бизнесті дамыту бөлімінің І санатты маманы Айжан Аралбайқызы.

Бір атап айтарлығы, «Әскери баспана» бағдарламасы әскери қызметкерлер және құқық қорғау саласы қызметкерлеріне арналған.



Гүлмира ДІЛДӘБЕКОВА.

«Сыр бойы»

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 мамыр 2019 г. 306 0