Дау медиациялық келісімге келу тәртібімен реттелді

Байқоңыр қалалық сотында талап қоюшы Ж.-ның жауапкер Д.-ға берген жұбайын күтіп бағуға алимент өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, талап қоюшы Ж. жауапкер Д.-дан ортақ баласы 3 жасқа толғанша жұбайын күтіп бағуға 20 АЕК мөлшерінде алимент өндіру талабымен сотқа жүгінген.

Сот отырысында тараптар сотқа араларында жасалған медиативтік келісімді келесі шарттарда бекіту туралы өтініш білдірді, ол бойынша: жауапкер талап қоюшыға баласы 3 жасқа толғанша алимент өтейтін болып, ал  өз кезегінде  талап қоюшы талап қою арызынан бас тартады.

Сот ұйғарымымен талап қоюшы мен жауапкер арасында жасалған медиативтік келісім бекітілді.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.


Қайнар:
Байқоңыр қалалық сотының баспасөз қызметі


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 мамыр 2019 г. 226 0